From Wikipedia, the free encyclopedia
Бибісара Бейшеналиева (қыр. Бүбүсара Бейшеналиева; 17 мамыр 1926, Воронцовка, Фрунзе еуропалық кантоны, Қырғыз АСКР — 10 мамыр 1973, Фрунзе) — қырғыз, кеңестік балерина, биші, ұстаз. КСРО халық әртісі (1958). Қырғызстанның алғашқы балеринасы.
Бибісара Бейшеналиева | |||||
қыр. Бүбүсара Бейшеналиева | |||||
Туған күні | |||||
---|---|---|---|---|---|
Туған жері |
Воронцовка, Фрунзе еуропалық кантоны, Қырғыз АСКР, РКФСР | ||||
Қайтыс болған күні | |||||
Қайтыс болған жері | |||||
Азаматтығы | |||||
Қызметі |
балерина, биші, балет ұстазы | ||||
Белсенді жылдары |
1939—1973 | ||||
Театр |
Қырғыз опера және балет театры | ||||
Марапаттары |
| ||||
1926 жылы 17 мамырда (басқа деректер бойынша — 15 қыркүйек және 8 сәуір) Воронцовка ауылында (қазіргі — Шу облысы, Аламудун ауданындағы Тастөбе) шаруа отбасында дүниеге келген.
1936 жылы он жасында бір топ қырғыз балаларымен бірге Ленинград хореографиялық училищесіне (қазіргі А. Я. Ваганова атындағы Орыс балет академиясы) жіберіліп, А. Ваганованың жетекшілігінде оқыды. 1941 жылы училищені бітірді. 1948-1949 жылдары сол училищеде тағыда А.Вагановада жетілдіру сыныбында оқыды.
Оның дебюті 1939 жылы Үлкен театрдың сахнасында «Қырғыз өнері мен әдебиетінің бірінші онкүндігі» кезінде өтті.
1941 жылдан бастап Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласында орналасқан А.Малдыбаев атындағы Қырғыз опера және балет театрының солисті.
Оның он сегіз жыл бойы болған серіктесі Қырғыз КСР халық әртісі Ұран Сарбағышев (1934-2012) болды.
Ол жеке билерімен концерттерде өнер көрсетті. КСРО қалаларында және шетелде гастрольдік сапарлармен болды.
1949 жылдан бастап М.Күреңкеев атындағы Фрунзе музыкалық-хореографиялық училищесінде сабақ берді. (қазіргі Ш.Базарбаев атындағы Бішкек хореографиялық училищесі).
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 6-7-шақырылымдарының және Қырғыз КСР Жоғарғы Кеңесінің 4-5-шақырылымдарының депутаты.
1973 жылы 10 мамырда (басқа деректер бойынша — 11 мамырда[1]) Бішкек қаласында қайтыс болды. Аларша зиратына жерленді[2].
Б.Бейшеналиеваның ұлы Ермектің айтуынша, балерина 1926 жылы 8 сәуірде дүниеге келген. Күйеуі, композитор Ақмат Амамбаевпен ажырасқаннан кейін туған күні көрсетілген төлқұжатын - 17 мамыр деп ауыстырды. Бұл Ермектің туған күні еді. Анасы мұны әдейі жасады, өйткені ол олардың ортақ мерекесі болғанын қалады. Оның шын есімі — Бүбүсара, бірақ төлқұжатта — Бюбюсара деп жазылған, өйткені бәрі оны осылай атаған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.